ЕШКІМ ДЕ, ЕШҚАШАН ДА

  ҰМЫТЫЛМАС!

 

Біздің еліміздегі бірден-бір қасіретті оқиға, Ұлы Отан соғысы болды. Жеңіс біздің Отанымызға және бүкіл әлемге оңайлықпен келген жоқ. Соғыста болған, өз көзімен көрген, от кешкен майдангердің қатары жылдан-жылға азайып келеді. Фашистермен күрес жолында соғыста ғана емес тылда да адамдар ат салысты.

Біздің Отанымыздың азаттығын қорғау жолында, соғыста да, тылда да аянбай еңбек еткен ардагерлерді ұмытпау - біздің парызымыз. Оларға ілтипат білдіріп, үлкен сүйіспеншілікпен қамқорлық жасап, көңіл бөлгеніміз жөн. Біздің сайтта біздің университетімізде қызмет етуші тыл еңбеккерлері туралы ақпарат ұсынылған.

Барлық Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне және тыл еңбеккерлеріне зор денсаулық, ұзақ өмір тілейміз.